Бейбіт Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарақия аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2/20 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 мамырда № 11-4-134 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 4/37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 13.07.2016 № 4/37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындарын белгілеу жолымен бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      3. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізіледі және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ.Наурызмағанбетов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Аудандық мәслихаттың заңдылық,
      депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік
      мәселелер жөніндегі тұрақты
      комиссияның төрағасы
      Е.Таджибаев
      13 сәуір 2012 жыл

  Қарақия аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 2/20 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихатының 06.03.2014 №16/170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
      1. Құрық ауылында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - "Ынтымақ алаңы".
      2. Жетібай және Мұнайшы ауылдарына ортақ бейбіт жиналыстарды, митингтерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар Жетібай ауылының - "Орталық алаңы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады