Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2/20 "Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 наурыздағы № 16/170 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 2392 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 4/37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 13.07.2016 № 4/37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңына 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2/20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 15 мамырда № 11-4-134 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2012 жылғы 23 мамырда № 21 (480) жарияланған) шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      4. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ.Әбдірахман
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
2014 жылғы 06 наурыздағы
№ 16/170 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары

      1. Құрық ауылында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - "Ынтымақ алаңы".
      2. Жетібай және Мұнайшы ауылдарына ортақ бейбіт жиналыстарды, митингтерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар Жетібай ауылының - "Орталық алаңы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады