Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 4/37 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3139 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 42/418 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 02.07.2020 № 42/418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу орны болып Құрық ауылындағы Орталық алаң айқындалсын.

      2. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізудің арнайы бағыты болып "Досан батыр" көшесінде орналасқан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейінгі аралық айқындалсын.

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      4. Қарақия аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі №2/20 "Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-4-134 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 мамырдағы №21 "Қарақия" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 6 наурыздағы №16/170 "Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 13 сәуірдегі №2/20 "Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2392 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірдегі №19-20 "Қарақия" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).

      6. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге
      асырушы, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Құрық ауылы әкімі

      Сарқұл Амангелді Қаныбекұлы

      13 шілде 2016 жыл.

      "Қарақия аудандық ішкі саясат және

      тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Сабитова Дина Жауымбайқызы

      13 шілде 2016 жыл.

      "Маңғыстау облысының ішкі істер

      департаменті Қарақия ауданының

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Аяғанов Сағындық Күзембайұлы

      13 шілде 2016 жыл.

  Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі №4/37 шешіміне қосымша

Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің қосымша реттелген тәртібі Жалпы ережелер

      1. Осы бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің қосымша реттелген тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар болып тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі арнайы белгіленген орында немесе арнайы бағдар бойынша белгіленген күні және уақыт аралығында ауданның жергілікті атқарушы органынан алған жазбаша рұқсатымен Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтарының қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерін, сондай-ақ наразылық білдіруге бағытталған іс-әрекеттері танылады.

      3. Бейбіт жиналыстар мен митингілер үшін арнайы орындар, ал шерулер мен демонстрациялар үшін – арнайы бағдарлар белгіленеді.

      Пикеттер және аштық жариялау үшін арнайы орындар белгіленбейді.

      Арнайы орындарды белгілейтін жергілікті атқарушы орган аталған аумақтарды тиісті түрде жабдықтауға, яғни оларды бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткізу мақсатында қолдану үшін бейімдеуге (орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру) тиіс.

      Арнайы орындарды ішкі істер органдарының жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларымен немесе объективті себептер бойынша жедел басқару орталығы камераларын орнату мүмкін болмаған жағдайда тиісті іс-шараларды өткізу уақытына жылжымалы бейнебақылау кешендерімен жабдықтауы керек.

      Жергілікті атқарушы орган аталған аумақтардың тұрақты түрде жиналуын, тазалануын қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу қағидаттары:

      1) заңдылығы – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы Тәртіптің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;

      2) бейбіт жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға қатысудың еріктілігі.

Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының іс-әрекеттері

      5. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу туралы өтінішті беру кезінде Заңның 3-бабының талаптарын бұзу рұқсат беруден бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің қолы қойылған және кемшілікті жаңа өтініш беру арқылы жою туралы ұсынысты қамтитын түсіндірме сипатындағы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі ол түскен уақыттан бастап есептеледі.

      Әртүрлі мекен-жайдан мерзімі бір-біріне сәйкес келетін, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу туралы өтініштер түскен жағдайда, ауданның жергілікті атқарушы органымен бұрынырақ түскен өтініш қаралады, ал қалғандарына іс-шараны өткізу күнін қайта қарастыру туралы түсіндірме сипатындағы жауап беріледі.

      6. Ұйымдастырушылармен бейбіт жиналыстар мен митингілерді өткізу үшін белгіленбеген орын сұралған жағдайда, өтініш берушілерге шараны арнайы белгіленген орында өткізу жөнінде ұсыныспен бірге жауап беріледі.

      7. Ауданның жергілікті атқарушы органы елдегі айтулы күндер мен оқиғаларды ұйымдастыру және өткізу қажеттілігі үшін, қоғамдық қауіпсіздікті, басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.

      8. Ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі дәлелді болуға, Заң мен осы Тәртіптің нормаларымен қатар, ұйымдастырушылардың сол және өзге де нормалар мен талаптардың сақталмауы көрсетілген нақты дәйектерге негізделу тиіс.

      Бұдан бөлек, рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушылар дереу барлық дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша және ықтимал қатысушыларды жазбаша түрде хабарландыру бойынша шаралар қабылдауы керек екендігі түсіндірілуге тиіс.

      Сондай-ақ, рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру және өткізу үшін заңмен белгіленген жауапкершілігі туралы түсіндірілуге тиіс.

      9. Ұйымдастырушылар дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша өз бетімен шаралар қабылдамаған жағдайларда, ауданның жергілікті атқарушы органы өзінің ресми интернет-сайтында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар заңсыз акцияларды шақыруларын орналастырған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертумен бірге, рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастырады.

Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрациялар өткізуді ұйымдастырушылардың әрекеттері

      10. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыруға жататын әрекеттер:

      1) ауданның атқарушы органына бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу туралы өтініш беру;

      Өтініште көрсетіледі:

      іс-шараның мақсаты;

      іс-шараның нысаны;

      іс-шараны өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс бағдарлары;

      іс-шараның басталуы және аяқталуының күні мен уақыты;

      қатысушылардың болжамды саны;

      ұйымдастырушының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру нысандары мен әдістері, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды қолдану ниеті;

      іс-шараны ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, оның тұрғылықты мекен-жайы не қазіргі уақытта мекендеген жері немесе тұрған орны туралы мәлімет және телефон нөмірі;

      акцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша акцияларды ұйымдастырушыларымен билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары;

      іс-шараны өткізу туралы хабарландыруды беру күні.

      2) көрнекі насихат құралдарын дайындау және тарату;

      3) акцияны ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер жатады.

      11. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған бір немесе бірнеше азаматы бейбіт жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер және демонстрациялардың ұйымдастырушысы бола алады.

      Ұйымдастырушылар бола алмайды:

      1) сот шешімімен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар, сондай-ақ соттың үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар;

      2) заңмен белгіленген тәртіпте әрекеті тоқтатылған немесе тыйым салынған немесе таратылған саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және діни бірлестіктер, олардың аймақтық бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері.

      12. Ұйымдастырушылардың құқықтары бар:

      1) акцияны өткізу туралы өтініште көрсетілген немесе ауданның жергілікті атқарушы органымен келісілген соң өзгертілген орындар мен арнайы бағдарда және уақытта бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізуге;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алған жағдайда акцияның мақсатын қолдау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, үндеу парағын тарату, плакаттар, транспаранттар, ұрандар дайындау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда алдын ала насихат жүргізуге;

      3) акциялардың жекелеген қатысушыларына оны ұйымдастыру және өткізу бойынша билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;

      4) ерікті қайырымдылықты жинауда, қарарларға, талаптарға және азаматтардың басқа да өтініштеріне қол жинауды ұйымдастыруға;

      5) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге азаматтардың құқығын бұзатын мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға.

      13. Ұйымдастырушы міндетті:

      1) ауданның жергілікті атқарушы органына Заңмен белгіленген тәртіппен көпшілік іс-шараны өткізу туралы өтініш беруге;

      2) бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер, демонстрациялар және шерулер өткізу туралы өтініште көрсетілген немесе ауданның жергілікті атқарушы органымен келісу нәтижесінде өзгертілген акцияны өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) акцияға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізу регламентін сақтауды талап етуге. Акцияны ұйымдастырушының заңды талаптарын орындамаған тұлғалар іс-шараны өткізу орнынан кетірілуі мүмкін;

      4) өз құзіретінің шегінде акцияларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ал Заңда көзделген жағдайларда осы міндетті ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілімен және ішкі істер органының уәкілетті өкілімен бірлесіп, олардың барлық заңды талаптарын орындай отырып, орындауға;

      5) қатысушылар құқыққа қайшы әрекеттерді жасаған жағдайда акцияларды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

      6) акцияларды өткізу орнында жасыл желектің, кіші сәулет нысандарының, ғимараттар мен құрылыстардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) акциялардың қатысушыларына ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің іс-шараны тоқтата тұру немесе тоқтату туралы талабын жеткізуге;

      8) акциялардың ұйымдастырушысының айрықша белгісін иеленуге. Ұйымдастырушы өкілеттік берген тұлғалардың да айрықша белгісі болуы міндетті;

      9) акцияға алкогольдік және есірткелік масаң күйіндегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуге;

      10) бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді пикеттер және демонстрацияларды өткізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, сондай-ақ кімді болса да кемсітуге бағытталған транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), көпшілік алдында сөз сөйлеулерді дайындауға және/немесе қолдануға жол бермеуге міндетті.

      14. Көпшілік іс-шараға қатысушылардың құқықтары бар:

      1) акцияның мақсаттарына сәйкес шешімдерді талқылауға және қабылдауға, өзге де ұжымдық әрекеттерге қатысуға;

      2) көпшілік іс-шараны өткізу кезінде түрлі белгілер мен ұжымдық және жеке пікірді білдірудің өзге де құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған насихат құралдарын қолдануға;

      3) қарарлар қабылдап, оларды және талаптар мен азаматтардың басқа да өтініштерін мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктерге, халықаралық және өзге де органдар мен ұйымдарға жолдауға.

      Көпшілік іс-шараны өткізу кезінде оның қатысушылары міндетті:

      1) бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді ұйымдастырушының, ол өкілеттік берген тұлғалардың, ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық заңды талаптарын орындауға;

      2) қоғамдық тәртіпті және акцияны өткізудің регламентін сақтауға міндетті.

Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату

      15. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату негіздері:

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне нақты қауіп төндіру;

      2) акцияға қатысушылардың құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы және іс-шараны ұйымдастырушының бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібіне қатысты Заң нормаларын қасақана бұзуы, соның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішу, есірткі және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды қолдану, сондай-ақ кімді болса да кемсітуге бағытталған транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), көпшілік алдында сөз сөйлеулерді қолдану болып табылады.

      16. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату тәртібі:

      1) акцияны тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілі:

      - акцияны тоқтатудың себебін негіздеп, ұйымдастырушыға бұл жөнінде нұсқау береді және 24 сағаттың ішінде аталған нұсқауды жазбаша ресімдеп ұйымдастырушыға тапсырады;

      - ұйымдастырушы іс-шараны тоқтату туралы нұсқауды орындамаған, жағдайда тікелей іс-шараға қатысушыларға жүгініп, іс-шараны тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін қосымша уақыт белгілейді.

      2) іс-шараны тоқтату туралы нұсқауды орындамаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, іс-шараны тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      Іс-шараны тоқтату бойынша көрсетілген тәртібі жаппай тәртіпсіздік, бүлік шығару, өрт салу және шұғыл әрекеттерді қажет ететін басқа да жағдайларда қолданылмайды. Мұндай жағдайда іс-шараны тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Акцияларға қатысушылар тарапынан ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауы немесе оларға бағынбауы (қарсылық көрсетуі) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      17. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу шарттарын қамтамасыз ету:

      1) іс-шараны ұйымдастырушылар, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтардың іс-шараға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті және іс-шараны өткізу регламентін бұзбайтын әдіспен өзінің пікірін білдіруіне кедергі келтіруге құқылы емес;

      2) іс-шараны өткізуге себеп болған мәселелер жолданған мемлекеттік билік органдары осы мәселелерді мәні бойынша қарауға, ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті шешім қабылдауға, қабылданған шешім туралы іс-шаранының ұйымдастырушысына хабарлауға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады