Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарақия аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 3/38 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде № 11-4-138 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 наурыздағы № 7/86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013.03.05 № 7/86 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-көмек) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға және мұқтаж азаматтарға төменде көрсетілген мөлшерде ақшалай қаражат түрінде белгіленсін:
      аз қамтамасыз етілген отбасыларға 20 айлық есептік көрсеткіш; мүгедектерге 20 айлық есептік көрсеткіш; жалғыз басты аналарға 10 айлық есептік көрсеткіш; көшіп келген оралмандарға 10 айлық есептік көрсеткіш; Маңғыстау облысынан тыс жерлерде емделуге кететін материалдық жағдайы жоқ отбасыларға 30 айлық есептік көрсеткіш; өрт, су тасқыны немесе жол апаты салдарынан отбасына материалдық залал келтірілгендерге 30 айлық есептік көрсеткіш; сонымен қатар, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда 30 айлық есептік көрсеткіш; өкпе, онкология, қант диабеті ауруларына шалдыққандарға 30 айлық есептік көрсеткіш.
      2. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ретінде тағайындалсын (келісім бойынша).
      3. Көмек азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет тағайындалады.
      4. Көмек көрсету туралы өтініш Қарақия ауданы әкімінің атына беріледі. Өтінішке осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар қоса беріледі (келісім бойынша).
      5. Қарақия ауданы әкімінен көмек сұраған тұлғалардың материалдық жағдайын тексеру сұрақтары бойынша аудан әкімдігінде құрылған учаскелік комиссиялар (бұдан әрі- комиссиялар) күнтізбелік үш күн мерзім ішінде арыз берушінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеруді жүзеге асырады (келісім бойынша).
      6. Комиссияның ұсыныстарының негізінде, күнтізбелік бес күн ішінде Қарақия ауданы әкімі әлеуметтік көмекті көрсету немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды (келісім бойынша).
      7. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган күнтізбелік жеті күн ішінде екінші деңгейдегі банк арқылы көмекті төлеуді жүзеге асырады (келісім бойынша).
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеледі (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      9. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ж.Әділбеков

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                 А. Мееров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қарақия ауданының әкімі
      Ә.Дауылбаев
      28 маусым 2012 жыл

      «Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.Рысбаев
      28 маусым 2012 жыл

      «Қарақия аудандық экономика және
      қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығының міндетін атқарушы
      М.Қыдырқожа
      28 маусым 2012 жыл

      Аудандық мәслихаттың заңдылық,
      депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік
      мәселелер жөніндегі тұрақты
      комиссияның төрағасы
      Е.Таджибаев
      28 маусым 2012 жыл

Қарақия аудандық мәслихатының
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 3/38 шешіміне қосымша

Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін
қажетті құжаттар тізбесі:

      1) әлеуметтік көмек алушының өтініші;
      2) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары (көшірмесі);
      3) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттары (көшірмесі);
      4) әлеуметтік көмек алушының салық төлеуші куәлігі (көшірмесі);
      5) әлеуметтік көмек алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат (көшірмесі);
      6) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлеметтері (көшірмесі);
      7) оралман мәртебесін растайтын құжат (көшірмесі);
      8) отбасына материалдық залал келтірілген оқиғаны анықтайтын құжат (өрт, су тасқыны, жол апаты), еңбекке жарамсыздығы туралы, емделуге берілген анықтама немесе жолдама (көшірмесі);
      9) отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болғандығын растайтын құжат (көшірмесі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады