Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.03.2014 N 19/210 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Қ. Оңдабаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Битан
Аудандық мәслихат
хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы ауданы
әкімінің орынбасары
Қ. Оңдабаев
16 сәуір 2012 жыл
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 3/30 шешіміне қосымша
Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар
№ | Село (селолық округ) атауы | Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар |
---|---|---|
1 |
Маңғыстау селосы |
«Маңғыстау-3» тұрғын үй массивінің 135 және № 136 учаскелері мен Маңғыстау селосының № 11 кварталындағы № 13 үйі аралығындағы алаң |
2 |
Баянды селосы |
«Баянды-3» тұрғын үй массивінің № 480 учаскесі мен Баянды ауылшаруашылығы кешені аралығындағы алаң |
3 |
Қызылтөбе селолық округі |
«Қызылтөбе-2» тұрғын үй массивіндегі № 423 -№ 464 учаскелері аралығындағы алаң |
4 |
Дәулет селолық округі |
«Жаңа Дәулет» елді мекеніндегі № 339-№ 341 учаскелері аралығындағы алаң |
5 |
Батыр селолық округі |
Ақтау № 4 карьер тас жолы мен «Астана» шағын ауданы аралығындағы алаң |
6 |
Басқұдық селолық округі |
«Жаңа қоныс» тұрғын үй массиві «Жаңа құрылыс» көшесінің № 1-№ 54 учаскелері аралығындағы алаң |
7 |
Атамекен селолық округі |
«Жалын» тұрғын үй массивінің № 490-№ 494 учаскелері аралығындағы алаң |