"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін мынадай орындар реттелсін:
Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігі ғимаратының жанындағы алаң;
Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.07.2015 № 33/348 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/30 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-114 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырда "Мұнайлы" газетінің № 29 (283) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина):
осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г.Себепбаева).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Конысбаева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Назар |
"КЕЛІСІЛДІ"
Мұнайлы ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Н. Жолбаев
11 наурыз 2014 жыл