РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572 - XII Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және 2012 жылғы 3 тамыздағы N 18 азаматтар конференциясының хаттамаларының негізінде Басқұдық селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Басқұдық селолық округі әкімінің 2009 жылғы 01 маусымдағы N 123 "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне N 11-7-54 болып енгізілген, 2009 жылғы 10 шілдедегі "Мұнайлы" газетінің N 27 (83) санында жарияланған) 1, 2-қосымшаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Басқұдық селолық округіндегі "Болашақ" елді мекені - "Болашақ" тұрғын үй массиві, "Маржан" елді мекені - "Маржан" тұрғын үй массиві, "Рахат" елді мекені - "Рахат" тұрғын үй массиві және "Басқұдық" елді мекені - "Басқұдық" тұрғын үй массиві болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімінің орынбасары М. Жұмабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі Н. Қаржаубаев