Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 05.06.2020 № 195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 491 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) әлеуметтік көмекті көрсетуден мына жағдайларда бас тартылады:
тапсырылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі;
егер әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші осы кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қаралады;
5) уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі азаматпен осы қаулының 3-1 тармағында белгіленген қажетті құжаттар тапсырылған сәтінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.";
мынадай мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:
"3-1. Санаторлық-курорттық емделуге тегін жолдама алу үшін мынадай құжаттар ұсынылу қажет:
1) өтініш;
2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;
3) азаматтың тұрғын орны бойынша тіркелуін растайтын құжат;
4) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы;
5) егер осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, азаматтың әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
6) азаматтың заңды өкілі жүгінген жағдайда:
заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Қостанай облысының әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қостанай облысы | |
әкімдігінің жүмыспен | |
қамтуды үйлестіру және | |
әлеуметтік бағдарламалар | |
басқармасы" ММ бастығы | |
_________ Қ. Тұманова |