Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 491 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 ақпанда № 3703 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 05.06.2020 № 195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 20-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Санаторлық-курорттық емделуге тегін жолдамалар беру түрінде, осы қаулының 2-тармағында көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара белгіленсін.

      2. Санаторлық-курорттық емделуге тегін жолдамалар мынадай жекелеген санаттағы азаматтарға (бұдан әрі - азаматтар) беріледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

      2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көрсетілген жеңiлдiктер мен кепiлдiктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлген адамдарға;

      3) Заңның 9-бабында көрсетілген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына.

      3. Анықталсын:

      1) азаматтарға тегін санаторлық-курорттық жолдамаларды беруге құжаттарды ресімдеу мен тіркеу тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жүзеге асыру;

      2) азаматтарға санаторлық-курорттық емделуге жолдамаларды беру олардың кезектілігі (тіркелуі) тәртібінде берілген өтініштерге сәйкес, тиісті қаржы жылына облыстық бюджет көздеген сомалар шегінде жүзеге асыру;

      3) санаторлық-курорттық емделуге ұсынылған жолдамадан өтініш беруші бас тартқан жағдайда ақшалай өтемақы төленбеу.

      4) әлеуметтік көмекті көрсетуден мына жағдайларда бас тартылады:

      тапсырылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі;

      егер әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші осы кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қаралады;

      5) уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі азаматпен осы қаулының 3-1 тармағында белгіленген қажетті құжаттар тапсырылған сәтінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2012.03.26 № 140 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады) қаулысымен.

      3-1. Санаторлық-курорттық емделуге тегін жолдама алу үшін мынадай құжаттар ұсынылу қажет:

      1) өтініш;

      2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;

      3) азаматтың тұрғын орны бойынша тіркелуін растайтын құжат;

      4) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы;

      5) егер осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, азаматтың әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      6) азаматтың заңды өкілі жүгінген жағдайда:

      заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

      заңды өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі.

      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. Қаулы 3-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2012.03.26 № 140 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады) қаулысымен.

      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының


әкімі

С. Кулагин

КЕЛІСІЛДІ


"Қостанай облысы әкімдігінің


жұмыспен қамтуды үйлестіру


және әлеуметтік бағдарламалар


басқармасы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


____________ Ш. Жакитова


"Қостанай облысы әкімдігінің


қаржы басқармасы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


____________ С. Аймұхамбетова


"Қостанай облысы әкімдігінің


экономика және бюджеттік


жоспарлау басқармасы"


мемлекеттік мекемесінің бастығы


____________ М. Щеглова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады