РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
____________________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ бастығы
_________________ Қ. Төлеубаев
Ұзынкөл ауданының әкімі
____________ Т. Ташмағамбетов
Әкімдіктің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 қаулысына қосымша |
Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл
орталықтандырылған шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 32, |
Радиусі - |
0,3 |
Ұзындығы – |
9,7 |
Ұзындығы – | 413 гектар |
№ 26 |
Радиусі - |
0,3 |
Ұзындығы – |
2,7 |
Ұзындығы – |
137,8 |
Ескерту: "Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Ұзынкөл Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).