Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 28.01.2015 № 215 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін тегін пайдалы жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары В. А. Полешкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы бойынша
қылмыстық - атқару жүйесі
мемлекеттік мекемесінің
бастығы міндетін атқарушы"
____________ Р. Дәулетов
Қостанай қаласы
әкімдігінің 2012 жылғы
19 наурыз № 564
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін тегін пайдалы жұмыстардың түрлері.
1. Қаланың аумағын қардан тазарту.
2. Қаланың аумағын қоқыстан тазарту.
3. Қаланың аумағын мұздан тазарту.
4. Қаланың аумағын арам шөптен тазарту.
5. Ағаштарды кесу.
6. Ағаштарды ақтау.
7. Ағаштарды отырғызу.
8. Қоршауды (ағаш) жөндеу.
9. Қоршауды сырлау.
10. Ғимараттарды ақтау.
11. Ғимараттарды сырлау.
12. Гүлзарды бөліп өсіру.
12. Көгал қазу.
13. Шөп шабу.