Мәслихаттың 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 492 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 ақпандағы № 24 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 наурызда № 9-2-206 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 198 шешімімен

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 25.09.2013 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 492 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-191, 2011 жылғы 14 қазанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
      5), 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мына мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мына мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Әлеуметтік көмек:
      1) бір жолғы – өтініш білдірген айдан, күнпарақтық жыл бойы бір реттен кем емес, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес;
      2) тоқсан сайынғы – өтініш білдіру тоқсанының алдындағы тоқсан үшін, бірақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін негіз болатын жағдайлардың пайда болуынан бұрын емес тағайындалады.";
      көрсетілген шешімнің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі" атты қосымшасында:
      2-тармақ мына мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық
      мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   С. Байгужин

      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ М. Дуспулов

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ С. Искуженов

      "Рудный қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін
      атқарушысы
      ____________ Г. Кочергина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады