Әкімдіктің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1600 "2012 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 494 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда № 9-2-210 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1600 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-201, 2012 жылғы 6 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мына мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады