Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-167, 2010 жылғы 12 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағидаларда:
1, 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласында, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелер мен Железорудная станциясында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтамасыз етілген отбасы (азамат) тоқсан сайын "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалағаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.";
14, 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Есепке қабылданатын шығындар өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін беріледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.";
4, 11-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық
мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы Н. Чегодаева
Қалалық
мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ М. Дуспулов
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ С. Искуженов
"Рудный қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________ Е.Скаредина