Мәслихаттың 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 65 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 тамызда № 9-2-219 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 317 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-167, 2010 жылғы 12 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағидада:
      12-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласында, Қашар, Горняцк, Перцев кенттері мен Железорудная станциясында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) тоқсан сайын өтінішпен "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және мынадай құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге арналған шот ұсынады.";
      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының ағымдағы шоттарына тағайындалған сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші кезекті
      сессияның төрағасы,
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ М. Дуспулов

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ С. Искуженов

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Е. Скаредина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады