Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 19.03.2013 № 156 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
2) қалалық жиын пунктінде әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласына облыстық жиын пунктіне жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Е.Ж. Мәметековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Арқалық
қаласының әкімі Т. Төлеубаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Арқалық қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ С. Жаркин
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының Ішкі
істер департаменті Арқалық қаласының
ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Е. Смағұлов