Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 325 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 шілдеде № 9-3-169 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 15.06.2016 № 208 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 120 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 29 наурызда № 9-3-146 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 сәуірде "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Арқалық қаласының әкімі Б. Әбдіғалиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады