"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлем мен нақты жағдайлары бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және ұйымдар арасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптары негізінде қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жүргізілсін.
4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық, шартпен белгіленген мөлшерінде жалақыны есептеу және төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар аудандық бюджеттен өтелсін және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Қазыбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов
Әкімдіктің
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 91 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлем мен нақты жағдайлары
Ұйымның |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
Қоғамдық |
"Көмек-Алтын" |
1. Қызметкердің алдын 2. Қызметкердің алдын 3. Қызметкердің алдын |
6390000 |
1) жұмыс уақытының |