1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды Қостанай облысы Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 қаңтарда № 9-6-139 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Қостанай облысы Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы "Аманкелдi аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде тіркеуден жалтарған тұлғаларды іздестіру, шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде "Қостанай облысы Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) өзара іс-қимылды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Тіркеу жүргізу уақытында әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шаралар өткізілсін. "Қостанай облысы Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Аманкелді ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нарядтарды оқу орындарына жеткізсін, бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарламалар берсін. Тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіби бағыттау мақсатымен әр әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу жүргізсін.
      5. Ауылдық округтер, село мен ауыл әкiмдерi тіркелуге жататын азаматтарға хабарлауды ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келулерін қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Сабыржан Уәлиұлы Хайруллинге жүктелсiн.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкелді
      ауданының әкімі                            С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
      министрлігі Қостанай облысының Ішкі
      Істер департаменті Аманкелді
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ М. Р. Сыздықов

      "Қостанай облысы Аманкелдi ауданының
      қорғаныс iстерi жөніндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      __________________ С. Ж. Балдаев

      Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
      сақтау басқармасы "Аманкелдi аудандық
      орталық ауруханасы» мемлекеттiк
      комммуналдық қазыналық кәсiпорнының
      бас дәрігері
      ________________ Р. С. Есмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады