2012 жылы жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 59 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 наурызда № 9-6-144 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012.05.23 № 103 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің қоса ұсынылған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. У. Хайруллинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
      орталық республикалық мемлекеттік
      кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалы
      Амангелді аудандық бөлімшесінің бастығы
      ____________________ О.Р. Жармағанбетова

      "Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігінің Қостанай облысының
      Әділет департаменті Амангелді
      ауданының Әділет басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ А.Ә. Сыздық

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
      Салық комитеті Қостанай облысының салық
      департаменті Амангелді ауданы бойынша салық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ М.С. Сейткамалов

      "Қостанай облысы Аманкелдi ауданының
      қорғаныс iстерi жөніндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      ___________________ С. Ж. Балдаев

      Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
      сақтау басқармасы "Аманкелдi аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттiк
      комммуналдық қазыналық кәсiпорнының
      бас дәрігері
      ___________________ Р. С. Есмағанбетов

Әкімдіктің         
2012 жылғы 23 ақпандағы № 59 
қаулысымен бекітілген     

2012 жылы жастар практикасынан өту үшін жұмыс
орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі

Жұмыс беруші

Кәсіп
(мамандық)

Ұйымдас-
тырыла-
тын
жұмыс
орында-
рының
саны

Айлық
жалақы
мөлшері
(теңге)

Жастар
практика-
сының ай
бойынша
ұзақтығы

1

"Қостанай облысы Аманкелді
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

заңгер

1

26000

6

2

"Аманкелді ауданының
кәсіпкерлік және
ауылшаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

агроном

1

26000

6

3

Аманкелді ауданы
әкімдігінің "Аман-су"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорыны

бухгалтер

1

26000

6

4

"Аманкелді ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесі

заңгер

1

26000

6

5

Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының Қостанай
облыстық филиалы Амангелді
аудандық бөлімшесі

бухгалтер

1

26000

6

6

"Аманкелді ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

бухгалтер

1

26000

6

7

"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Қостанай облысының
салық департаменті
Амангелді ауданы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

қаржыгер

1

26000

6

экономист

1

26000

6

8

"Аманкелді аудандық
маслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесі

заңгер

1

26000

6

іс
жүргізуші

1

26000

6

9

Жеке кәсіпкер "Уалиев Н.Д."

бухгалтер

1

26000

6

10

"Аманкелді ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесі

қаржыгер

1

26000

6

11

"Аманкелді селосының әкім
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

экономист

1

26000

6

бухгалтер

1

26000

6

12

"Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Қостанай облысының Әділет
департаменті Амангелді
ауданының Әділет
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі

заңгер

3

26000

6

13

Жеке кәсіпкер
"Алмагамбетов Г.А."

заңгер

1

26000

6

14

"Аманкелді жолы"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі

экономист

1

26000

6

15

Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау
басқармасының "Аманкелді
аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

жалпы
тәжірбиелі
фельдшер

2

26000

6

16

Жеке кәсіпкер "Ещанов Н.Ш."

ветери-
нарлық
фельдшер

1

26000

6

17

"Үрпек - Тобол"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі

бухгалтер

1

26000

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады