Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 78 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 қарашада № 3897 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 285 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 24.12.2014 № 285 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессия төрайымы                            Қ. Мақсұтбаева

      Аудандық мәслихаты
      хатшысы                                    Ә. Саматов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді аудандық
      жұмыспен қамту
      және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______ М. Тобағабулов

      "Аманкелді ауданының
      қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Ж. Сеилова

      "Аманкелді ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______ М. Сакетов

Мәслихаттың        
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 78 шешiмiмен      
бекiтiлген       

Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi

1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аманкелді ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      Аманкелді ауданында тұрақты тұратын адамдарға бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі;
      аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 19.02.2014 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таратады) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi-өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрi – орталық) баламалы негізде өтiнiшпен өтiнiш бередi және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      3. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттарды беру күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды, оның бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi.
      4. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкiлеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң тұрғын үй көмегiн тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәлiметтердi сұратады.
      5. Тұрғын үй көмегi өтiнiш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейiн тағайындалатын бiрiншi тоқсанды қоспағанда, өтiнiш берушi өтiнiш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетiледi. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегiн тағайындау бүкiл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      6. Тұрғын үй көмегiн алушы тұрғын үй көмегiн төлеу мөлшерiнiң өзгеруiне негiз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегенi туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
      7. Тұрғын үй көмегi мөлшерiне ықпал ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетiлген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргiзiледi.
      8. Өтiнiш берушi жалған мәлiмет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегiн тағайындауға жол бергенi айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу оны тағайындау мерзiмiне тоқтатылады;
      артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркiмен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган аударылған төлемдердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте төлетедi.
      9. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегiн алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу қайтыс болған айдан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады;
      тұрғын үй көмегiн алушы отбасы мүшесiнiң бiрi қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейiнгi айдан бастап қайта есептеу жүргiзiледi;
      қайтыс болғанға байланысты төлемдердi тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган әділет органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тiзiмдерi немесе отбасы мүшелерi беретін мәлiметтер негізінде жүргiзiледi.
      10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi бойынша туындаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерiн анықтау

      11. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 7412 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.
      12. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан кезеңдегі тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органнан жұмыссыз ретiнде тiркелуiн растайтын құжаттарды тапсырады.
      13. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бiр отбасы мүшесiне – көп бөлмелi тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн пайдалы алаңының 18 шаршы метрi және отбасына 9 шаршы метрiн қосымша;
      бiр бөлмелi тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшiн - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшiн де қолданылады.
      15. Есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн өтем шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi;
      егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңнамамен белгiленген тәртiпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргiзiледi.
      16. Коммуналдық қызметтердi тұтынатын есептегiш құралдары бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға қабылданатын шығыстары, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетiлген соңғы тоқсандағы есептегiш құралдардың көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтер шығындары нормаларынан аспайтын нақты шығындармен анықталады.
      17. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бiр адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бiр адамға, 130 киловатт есебiнен, бiрақ нақты шығындардан асырмай жүргiзiледi.
      18. Осы ережемен белгiленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негiзінде жүргiзіледі.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ нысаналы ағымдағы трансферттер қаражаты есебiнен (олар бөлiнген жағдайда) жүзеге асырылады.
      20. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының банктік шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады;
      шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкiлеттi органмен ай сайын жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады