Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 24.12.2014 № 285 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2012 жылғы 31 қазандағы № 78 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3897 тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аманкелді ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
Аманкелді ауданында тұрақты тұратын адамдарға бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі;
аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Кезекті оныншы сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы Ә. Саматов
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ М. Тобағабулов
"Аманкелді ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ Ж. Сеилова
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ М. Сакетов