РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабының 2) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 30.09.2013 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданында 2013 жылға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына кіретiн тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығының
міндеттерін атқарушы
___________ Дангилов С.С.
Әкімдіктің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 359 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданында 2013 жылға
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн
халықтың нысаналы топтары
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуына екi жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң қатарынан босаған адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер.
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
13. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
14. Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
15. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық).
16. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар.