Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 25 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 мамырда № 9-8-199 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.02.2015 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес және Қостанай облысы Әділет департаментінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 2-13-01-267 Заң бұзушылықтарын жою туралы ұсынысының негізінде Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-8-147 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 және 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378379381383 баптарымен белгіленген № 5 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 10 пайызға төмендетілсін.
      2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378379381383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары жоғарлатылсын:
      № 7 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 10 пайызға;
      № 8 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 20 пайызға;
      № 9 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 30 пайызға;
      № 10 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 40 пайызға;
      № 11 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 50 пайызға.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезекті
      екінші сессиясының төрағасы                М. Суербасов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы
      ________________ С. Жанғабұлов

      "Қазақстан Республикасы қаржы
      министрлігінің Салық комитеті
      Қостанай облысы бойынша салық
      департаменті Денисов ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ К. Қосмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады