Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 5473 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 19.06.2015 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387444-баптарына сәйкес және жерлерді аймақтауға бөлу схемасы негізінде, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. № 5 аймақта орналасқан жерлер учаскелері үшін автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 пайызға төмендетілсін.
      2. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер учаскелеріне салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
      № 7 аймақта 10 пайызға;
      № 8 аймақта 20 пайызға;
      № 9 аймақта 30 пайызға;
      № 10 аймақта 40 пайызға;
      № 11 аймақта 50 пайызға.
      3. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      4. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      5. Қосымшаға сәйкес Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   А. Мұрзабаев

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________ С.А. Жанғабулов

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
      басқармасы" республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________ Ә.Ж. Әкіжан
 

Мәслихаттың       
2015 жылғы 20 ақпандағы 
№ 14 шешіміне қосымша  

Денисов аудандық мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-147 тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы «Наше время» газетінде жарияланған);
      2. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 244 «Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-163 тіркелген, 2010 жылғы 17 желтоқсандағы «Наше время» газетінде жарияланған);
      3. Мәслихаттың 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 25 «Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-8-199 тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырдағы «Наше время» газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады