Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № 8 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" 2007 жылғы 10 тамыздағы № 582 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-77 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 12 қазанда № 42 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.С. Ибраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Испергенов
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 370 әкімдік қаулысына
қосымша
2007 жылғы 10 тамыздағы
№ 582 әкімдік қаулысына
қосымша
Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
1. "Абис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық базарының аумағында.
2. 6 шағын ауданы, "Хороший" дүкенінің жанында.
3. 6 шағын ауданы, "Орталық" сауда павильонының жанында.
4. 6 шағын ауданының саябағында орналасқан су қоймасына іргелес аумақта.