РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 05.02.2013 № 22 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына және "Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ф. Филиппов
КЕЛІСІЛДІ:
Қарабалық аудандық
мәслихатының хатшысы
_______________ А. Тюлюбаев
Әкімдіктің
2012 жылғы 29 мамырдағы № 304
қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық
(селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес
процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік
ставкаларға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) үйде әлеуметтiк көмек көрсетiту бөлiмше меңгерушісі;
2) күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
3) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман;
4) психолог;
5) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) бiлiм беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалiмдерi;
2) мектеп, мектеп-интернат директоры (бастығы);
3) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру, қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдары директорының ғылыми, оқу, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
4) әлеуметтiк педагог;
5) педагог-ұйымдастырушы;
6) қосымша бiлiм педагогы;
7) педагог-психолог;
8) әдіскер;
9) музыкалық жетекшi;
10) аға вожатый;
11) дене шынықтыру нұсқаушысы;
12) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушiсi;
13) лагерьдiң (сауықтыру) бастығы;
14) зертхана, кабинет меңгерушiсi;
15) өндiрiстiк оқыту шеберi;
16) медициналық бике;
17) емдәм бикесi;
18) кiтапханашы;
19) кітапхана меңгерушісі;
20) бастауыш әскери дайындық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы;
21) аға тәрбиешi, тәрбиешi;
22) логопед.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме басшысы;
2) мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары;
3) кiтапханашы, библиограф;
4) барлық атаудағы суретшi;
5) дыбыс операторы;
6) әдіскер;
7) хореограф;
8) көркемдiк жетекшi.