Мәслихаттың 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 16 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 9-14-170 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.12.20. № 71 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 21 қазанда "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 6)7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезекті сессиясының төрағасы               А. Аксаутова

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ В. Панин

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады