Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қазанда № 9-14-158 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.20.12 № 71 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын тұрмыстық қажеттеріне 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға ай сайын тұрмыстық қажеттеріне 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдыңғы тоқсанына Қостанай облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туған-туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, біржолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.07.27 № 51 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғаларға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.02.13 № 16; 2012.07.27 № 51 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрағасы                       А. Павловский

      Қостанай ауданы
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________________ В. Панин

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ З. Кенжегарина

Мәслихаттың       
2011 жылғы 20 қыркүйектегі 
№ 471 шешіміне      
қосымша         

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.07.27 № 51 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеуші куәлігі;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға тұрмыстық қажеттеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдыңғы тоқсанына Қостанай облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туған-туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда тұлғаның (отбасының) табысы туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар үшін:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.07.27 № 51 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғаларға:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      10) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін құжат, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылындағы оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат.
       3. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелер мен түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.
      4. Осы шешімінің 1-тармағының 5) тармақшасымен көзделген жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады