Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда № 3986 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 21.11.2013 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, тұрмыстық қажеттіліктеріне, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, табыстарын есепке алмай, тұрмыстық қажеттiлiктерге, ай сайын, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының Жеңiс күнiне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылық еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрыңғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бiр жолғы, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      8) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттiлiктерге, бiр жолғы, 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      10) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бiр жолғы, 50 айлық есептiк көрсеткiштен көп емес;
      11) барлық cанаттағы мүгедектерге, жедел емделуге жол жүрумен байланысты табыстарын есепке алмай, бір жолғы, нақты шығындар бойынша көрсетілсін.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      аудандық мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 21 қазанда "Арна" газетінде жарияланған);
      аудандық мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы № 16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-170 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 2 наурызда "Арна" газетінде жарияланған);
      аудандық мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 27 шілдедегі № 51 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-181 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 10 тамызда "Арна" газетінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының
      кезекті сессиясының
      төрағасы                                   А. Досжанов

      Қостанай аудандық
      мәслихатының
      хатшысы                                    А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік
      бағдарламар бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ В. Панин

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ З. Кенжегарина

Мәслихаттың       
2012 жылғы 20 желтоқсандағы  
№ 71 шешіміне     
қосымша          

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 04.03.2013 № 94 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған тұтынушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 04.03.2013 № 94 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.;
      4) тұтынушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) тұтынушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      егер аталған азамат жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, табыстарын есепке алмай, тұрмыстық қажеттiлiктерге:
      егер аталған азамат жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік көшірмесі;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табысы туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне:
      егер аталған азамат жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының Жеңiс күнiне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылық еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрыңғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
      егер аталған азамат жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттiлiктерге:
      өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәлiметтер;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылындағы оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат.
      10) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      тұтынушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      жедел емделуге нақты шығындарын растайтын құжат;
      11) барлық cанаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, жедел емделуге жол жүрумен байланысты шығындарды төлеуге:
      тұтынушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      жедел емделуді өткізу фактісін растайтын құжат;
      тағайындау орнына және кейін қарай жол жүру нақты шығындарын растайтын құжат.
      3. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелер мен түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 5) тармақшасымен көзделген жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады