Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 136 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 наурызда № 9-14-172 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 712 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 29.08.2013 № 712 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ай сайын әр балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде тағайындалатыны белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С. Кульбековке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған әрекеттерге таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады