Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы № 15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-169 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 2 наурызда "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2012 жылы ұсынылсын.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы С. Байгабулов
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ З. Кенжегарина
Қостанай ауданы әкімдігінің "Ауыл
шаруашылық бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ М. Сартов