2012 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 652 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қыркүйекте № 3828 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың 10 маусымына дейін субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері анықталсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ф. Аракелянға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов 

Әкімдіктің       
2012 жылғы 2 тамыздағы 
№ 652 қаулысына қосымша

2012 жылға субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жазғы бидай

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

Күздік бидай

15 тамыздан 1
қыркүйекке дейін

3

Күздік қара бидай

15 тамыздан 1
қыркүйекке дейін

4

Сұлы

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

5

Арпа

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

6

Тары

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

7

Қарақұмық

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

8

Бұршақтұқымдас

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

9

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

10

Картоп

10 мамырдан 31 мамырға
дейін

11

Көкөніс - бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға
дейін

12

Жемшөптік, оның ішінде
бірінші, екінші және
үшінші өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас көпжылдық
шөптер

30 сәуірден 15 шілдеге
дейін бірінші мерзім 20
сәуірден 31 мамырға
дейін, екінші мерзім 5
шілдеден 1 тамызға
дейін

13

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін егілген
көпжылдық шөптер

бірінші мерзім 20
сәуірден 31 мамырға
дейін, екінші мерзім 5
шілдеден 1 тамызға
дейін

14

Жүгері және сүрлемдік
күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады