Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 23 қазандағы № 61 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 қазанда № 3861 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 256 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 02.05.2018 № 256 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.12.2016 № 68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшерлері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.12.2016 № 68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Затобол кенті болып айқындалсын.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.12.2016 № 68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы Б. Бурашев
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі
      Салық Комитетінің Қостанай облысы бойынша
      Салық Департаментінің Қостанай ауданы
      бойынша салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________________ О. Рабченюк
      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ З. Кенжегарина

  Мәслихаттың
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 61 шешіміне 1-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

1

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Жабық түрдегі жер бетіндегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

  Мәслихаттың
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 61 шешіміне 2-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшерлері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.12.2016 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Кенттегі автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері

Ауылдағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері

Базалық салық мөлшерлеме-лерін ұлғайту мөлшерлері

1

1 санат

0,96

0,48

он есе

2

2 санат

0,96

0,48

тоғыз есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады