Мәслихаттың 2012 жылғы 23 қазандағы № 61 "Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 68 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 6766 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 256 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 02.05.2018 № 256 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2012 жылғы 23 қазандағы № 61 "Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3861 тіркелген, 2012 жылғы 9 қарашада "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында, 2 және 3-тармақтарында "ставкаларының", "ставкаларын", "ставкалар" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелер" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы В. Проценко
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Копжасаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Т. Кабдуллин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ З. Кенжегарина

  Мәслихаттың
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 68 шешіміне қосымша


  Мәслихаттың
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 61 шешіміне 2-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту мөлшерлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Кенттегі автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері

Ауылдағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері

Базалық салық мөлшерлеме-лерін ұлғайту мөлшерлері

1

1 санат

0,96

0,48

он есе

2

2 санат

0,96

0,48

тоғыз есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады