"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2012 жылғы 23 қазандағы № 61 "Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлерін ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3861 тіркелген, 2012 жылғы 9 қарашада "Арна" газетінде жарияланған);
2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 68 "Мәслихаттың 2012 жылғы 23 қазандағы № 61 "Қостанай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6766 тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессияның төрағасы, Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қостанай ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Ж. Бисекеев
"2" мамыр 2018 жыл
"КЕЛIСIЛДI"
Қостанай ауданы әкiмдiгiнiң
"Экономика және қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
________________ З. Кенжегарина
"2" мамыр 2018 жыл