2012 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 76 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 сәуірде № 9-16-138 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
      15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      16) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Закаринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. Ержанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы
      ___________________ Ә. Сансызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады