Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 300 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қазанда № 3854 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 94 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа жолдау кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 445 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-16-126 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 18 қарашадағы № 33 "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Науырзым
      ауданының әкімі А. Балғарин

      КЕЛIСIЛДI:
      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының ішкі істер
      Департаменті Науырзым ауданының iшкi
      iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      ___________________ Н. Байкасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады