1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 446 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 2 қарашада № 9-16-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 қарашада № 23 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған);
2) "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қантардағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 7 ақпандағы № 9-16-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 ақпанда № 5 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған);
3) "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 24 қазандағы № 3854 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашада № 5 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Даиров |