2012 жылға арналған ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 236 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 шілдеде № 9-17-140 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну 15 мамырдан 2012 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
      2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Тұрсынов

Әкімдіктің        
2012 жылғы 26 маусымдағы 
№ 236 қаулысына    
қосымша         

2012 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері

Ауыл шаруашылық дақылдарының
атауы

Себу мерзімі

1

Жазғы бидай

15 мамырдаң
5 маусымға дейін

2

Күздік бидай
Күздік қара бидай

15 тамыздан
1 қыркүйекке дейін

3

Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық

15 мамырдан
5 маусымға дейін

4

Бұршақтұқымдас

15 мамырдан
5 маусымға дейін

5

Майлы дақылдар

18 мамырдан
30 мамырға дейін

6

Картоп

10 мамырдан
31 мамырға дейін

7

Көкөніс-бақша дақылдары

25 сәуірден
10 маусымға дейін

8

Жемшөптік, оның ішінде бірінші,
екінші және үшінші өсу
жылдарындағы бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер

бірінші мерзім -
20 сәуірден 31
мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден 1
тамызға дейін

9

Шабындық жерлерді шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық шөптер

30 сәуірден 15
шілдеге дейін

10

Жүгері

15 мамырдан
31 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады