Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 103 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде № 9-19-176 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 28.06.2013 № 140 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына, Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 441 "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-167 тіркелген) сәйкес, "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әр балаға ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      4. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді деп белгіленсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Э.К. Күзенбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Г. Аскарова

      "Ұзынкөл ауданының білім беру
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ А. Бараншина

      "Ұзынкөл ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ Б. Займулдынова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады