Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 ақпанда № 9-20-209 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012.05.07 № 111 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Федоров ауданының әкiмдігі КАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Федоров ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан бір проценті мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Федоров ауданының кәсіпорындарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір проценті мөлшерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады