"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Федоров ауданының кәсіпорындарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Федоров ауданының кәсіпорындарында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарын жалпы санының бір пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне, жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 9-20-209 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурыздағы № 9 "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Ахметов |
Келісілді
"Федоров аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң
бастығы
_________________Т. Волоткевич