Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 81 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 сәуірде № 9-20-214 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 4-13/33 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013.01.11 № 4-13/33 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабының 3-тармағына31-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Федоров аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларға медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық медициналық комиссияларды медицина мамандарымен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Федоров аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) өз құзыреті шегінде әскери қызметті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруды;
      2) шақыру учаскесінде және әскерге шақырушыларды әскери қызметі өтетін орнына жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 2 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Федоров ауданының әкімі                    Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының
      ішкі істер департаменті
      Федоров аудандық ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______ Е. Файзуллин

      "Қостанай облысы
      әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасы
      Федоров аудандық
      орталық ауруханасы"
      коммуналдық мемлекеттік
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _____________ В. Финк

      "Қостанай облысы Федоров
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Е. Тортаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады