Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 02 сәуірдегі N 39/4 шешімі және Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі N 2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 сәуірде N 3203 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Май ауданы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 13 шілдедегі "Май ауданының Қаратерек селолық округінің Орджоникидзе ауылын Хасен Сейтказин ауылы деп қайта атау туралы" N 7/38 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Баянауыл ауданы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі "Баянауыл ауданының Қызылтау ауылдық округінде орналасқан Жуантөбе ауылының атауын Жүсіпбек Аймауытов ауылы деп өзгерту туралы" N 246/39 бірлескен қаулысы мен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Елді мекендер мен мекемелерге ат қою және атауын өзгерту туралы" қорытындысына сәйкес, облыс әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы" N 36/1 қаулысына сәйкес, Баянауыл және Май аудандары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Май және Баянауыл аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Май ауданының Қаратерек селолық округінің Орджоникидзе ауылы Хасен Сейтказин ауылы деп қайта аталсын;
      Баянауыл ауданының Қызылтау ауылдық округінде орналасқан Жуантөбе ауылының атауы Жүсіпбек Аймауытов ауылы деп өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      Сессия төрағасы                            Б. Дүйсембаев

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               М. Көбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады