Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3, 4) тармақшаларына, Екібастұз қаласы әкімдігі мен мәслихатының 2011 жылғы 31 мамырдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" N 350/32 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы "Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" N 159/6, 2012 жылғы 5 маусымдағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" N 160/6 қаулыларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Байет ауылдық округінде Атығай ауылы құрылсын;
Бозшакөл ауылы және 112 - разъезд құрылсын;
Төрт-Құдық ауылын орталық ретінде алып, Төрт-Құдық, Бозшакөл, 112 - разъезд ауылдарының елді мекендерімен Төрт–Құдық ауылдық округі құрылсын;
Комсомол ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Шиқылдақ ауылы болып қайта құрылсын;
Қарасу ауылдық округі шекаралары өзгертілмей Бесқауға ауылы болып қайта құрылсын.
2. Сарықамыс ауылдық округінің Суыққұдық ауылы;
Өленті ауылдық округінің Жартас ауылы;
Ақкөл ауылдық округінің Присовхозный ауылы таратылсын және Павлодар облысының есептік деректерінен шығарылсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы А. Касицин
Облыс әкімі Е. Арын
Облыстық мәслихаттың
хатшысы М. Көбенов