Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл ауылы жаңа көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзімнің бақылауыма қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Бектұрғанов
Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық
округі әкімінің 2012 жылғы
16 мамырдағы N 44 шешіміне
қосымша
Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің
Кенжекөл ауылы көшелерінің атаулары
1) N 1 көшеге – Желтоқсан көшесі;
2) N 2 көшеге – Болашақ көшесі;
3) N 3 көшеге – Ақсу көшесі.