Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 19/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 сәуірде N 12-3-325 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 31.01.2014 N 194/24 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
     Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 31.01.2014 N 194/24 шешімімен.
     Ескерту. Барлық мәтін бойынша "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН)", "СТН," сөздері алынып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 12.04.2013 N 115/15 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Екібастұз өңірінің аумағында тұрақты тұратын оралмандарға беріледі (бұдан әрі – азаматтар):
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
      3) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
      4) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
      5) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      6) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      7) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдар;
      8) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      9) әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға;
      10) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар;
      11) Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
      12) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар - ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
      13) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші рет некелеспеген жесірлері;
      14) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некелеспеген әйелдері (күйеулері);
      15) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
      16) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдар;
      17) зейнет жасына жеткен тұлғалар, соның ішінде:
      мүгедектерге және қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтар;
      ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын азаматтар;
      толық емес көлемде, бірақ ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жасына байланысты зейнеткерлік төлемдерді алатын азаматтар;
      жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар;
      80-нен 100 жас мөлшеріндегі азаматтар;
      100-ден және одан да жоғары жас мөлшеріндегі азаматтар;
      18) мүгедектер, соның ішінде:
      мүгедектерге және қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын мүгедектер;
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      1 топтағы мүгедектер;
      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдер;
      19) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
      20) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
      21) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      22) туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      23) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар;
      24) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
      25) Екібастұз қаласының ауылдық жерінде, кенттерінде тұратын жүкті әйелдер және жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұрған әйелдер;
      26) төтенше жағдайға, әсіресе 1 айға созылған ауруға шалдыққан немесе өртке тап болған азаматтар;
      27) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалы аз қамтамасыз етілген аналар.
      2. Экстремалды жағдайға тап болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін пайда болған жағдайдан шығу үшін қажетті күрделілігіне және шығындарына байланысты комиссия анықтайды. Мөлшерін анықтаған кезде комиссия өтініш иесінің әлеуметтік көмекке өтінуге себеп болған себептерге мен жағдайларға, отбасының (азаматтың) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісіне, отбасының (азаматтың) отбасы құрамына және табысына, жүргізілген шығындарын немесе қаржыдағы қажеттілігін растайтын құжаттарға назар аударады.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) атаулы және мереке күндеріне орай келесі мөлшерлерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай:
      1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 75000 теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығын сатып алуға 5000 теңге мөлшерінде – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) тізімінің негізінде;
      1-тармағының 2), 3), 4), 5), 8), 9), 13), 14), 15) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 3000 теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушыларының ішінен 1-тармағының 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 4000 теңге мөлшерінде - уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      қарт адам күніне орай:
      1-тармағы 17) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 2000 теңге мөлшерінде - уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      1-тармағы 17) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 2000 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      1-тармағы 17) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5000 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      мүгедектер күніне орай:
      1-тармағы 18) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 4000 теңге мөлшерінде - уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      1-тармағы 18) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 4000 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      Отан қорғаушы күніне орай:
      1-тармағының 6), 7), 10), 11), 16) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 10000 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай:
      1-тармағының 6) тармақшасында (Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарға қатысушылар ғана), 11) тармақшасында (Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарға қатысушылар ғана), 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 6000 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйым тізімінің негізінде;
      Чернобыль АЭС-iндегi апат күніне орай:
      1-тармағының 7), 10), 16) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 6000 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйым тізімінің негізінде.
     Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 12.04.2013 N 115/15 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Кірісін ескермеусіз біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жазылушылардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымдарына жазылуға әлеуметтік көмек 5100 теңгеден аспайды - өтініш негізінде. Уәкілетті орган мерзімді басылымдарды жазылушыларға атаулы жеткізу шартымен мерзімді басылымдарға жазылу бойынша қызметтерді жабдықтаушымен шарт жасайды;
      2) 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (облыстық бюджет қаражатынан санаторлы-курорттық емді алуға құқығы бар азаматтарды қоспағанда) санаторлы-курорттық емделуді алуға әлеуметтік көмек 49000 теңге мөлшерінде – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындыны, санаторлы-курорттық картаның көшірмелері, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай - анықтама бюросының анықтамасы.
      Өтініш иесі санаторлы-курорттық емді алғаннан кейін уәкілетті органға санаторлы-курорттық емді алуын растайтын құжатты ұсынады;
      3) оңалту орталығында оңалту курсынан өтуге:
      1-тармағы 18) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 14750 теңгеге дейінгі мөлшерде (тірек-қозғалу аппаратынның бұзылуынан зардап шеккен балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік қызметінде тіркеуде тұрғандар ғана) – уәкілетті орган тізімінің негізінде;
      4) 1-тармағы 18) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5 ең аз есептік көрсеткіштер мөлшерінде (бұдан әрі – ЕАЕК) - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, ЖИН көрсетілген өтініштің негізінде, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы;
      5) 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 15 ЕАЕК мөлшерінде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, өтініш иесінің жеке куәлігінің, қайтыс болғаны туралы анықтаманың, жұмыссызға азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы, қайтыс болған сәтінде есепте тұрғаны жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы;
      6) 1-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 5 ЕАЕК мөлшерінде – Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасымен ұсынылған тізімнің негізінде;
      7) 1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 7 ЕАЕК мөлшерінде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, ауруды растайтын анықтама, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы;
      8) 1-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 5 ЕАЕК мөлшерінде - "Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімнің негізінде;
      9) 1-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 7 ЕАЕК мөлшерінде - ЖҚТБ-мен күрес және оның профилактикасы бойынша облыстық орталығының Екібастұз бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде;
      10) 1-тармағының 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 5 ЕАЕК мөлшерінде - денсаулық сақтау басқармасының Екібастұз қаласы бойынша денсаулық сақтау бөлімімен ұсынылған тізімнің негізінде;
      11) 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (өрт) 15 ЕАЕК дейінгі мөлшерде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, тиісті органдардан (өрт бөлімінен) анықтама, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай - анықтама бюросының анықтамасы.
      5. Кірісін ескере отырып біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) жан басына шаққандағы кірісі облыс бойынша белгіленген күн көріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (1 айға созылған дерт) 15 ЕАЕК дейінгі мөлшерде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, емделудегі қажеттілігі туралы медициналық мекеменің анықтамасы, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтамалары.
      6. Кірісін ескермеусіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) сауықтыруға:
      1-тармағының 6), 7), 10), 11), 16) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 2 ЕАЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімнің негізінде;
      2) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге:
      1-тармағының 5), 6), 7), 10), 11), 13), 16) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 3,6 ЕАЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімнің негізінде;
      1-тармағы 17) тармақшасының екінші абзацында, 18) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 2 ЕАЕК мөлшерінде – уәкілетті орган тізімнің негізінде;
      1-тармағы 17) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 2 ЕАЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімнің негізінде.
      7. Кірісін ескермеусіз ай сайынғы көмек:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін дәрі-дәрмек сатып алуға 1 ЕАЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек - уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімнің негізінде;
      2) 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Екібастұз қаласының ішінде арбадағы мүгедектерді көлікпен тасымалдау, кресло-арбаларды және тифлотехникалық құралдарды жөндеу бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісімшартқа сәйкес сурдо-тифлотехникалық құралдарды, кресло-арбаларды жеткізу бойынша қызметтер түрінде үкімет емес ұйымдары арқылы көрсетілетін әлеуметтік қызметтер;
      3) 1-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін амбулаторлық емделу кезінде тамақтануға 6 ЕАЕК мөлшерінде - "Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімнің негізінде;
      4) жол жүруге шығындарды өтеуге:
      1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және тұрғылықты орнына кері қайтуға жол жүру билеттері құнының нақты мөлшерінде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, жеке куәлігінің, емделу, зерттеу немесе кеңес беру туралы онколог-дәрігерімен берілген көшірмесі немесе анықтамасы, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы, тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері.
      Жыл ішінде қайта өтінген кезде - өтініш, емделу, зерттеу немесе кеңес беру туралы онколог-дәрігерімен берілген көшірме немесе анықтама көшірмелері, тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері;
      1-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (ауылдық жерде тұратын және амбулаторлық емдегі тұлғалар ғана) "Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесіне және тұрғылықты орнына кері қайтуға жол жүру билеттері нақты құнының мөлшерінде;
      1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жетім-балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің және кәсіптік мектептерінің оқушыларына, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқуына ақы төлеу үшін Екібастұз қаласы бойынша ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) толық жол жүру құнының 50 % мөлшерінде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы.
      8. Кірісін ескере отырып ай сайынғы көмек:
      1) 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жан басына шаққандағы кірісі облыс бойынша белгіленген күн көріс мөлшерінен аспайтын (тиісті жылдың 2 тоқсаны) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балалардың ішінен, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мемлекеттік білім беру грантына үміткер болуға конкурстан өтпегендер) жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысының толық құны мөлшерінде - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай-анықтама бюросының анықтамасы, Екібастұз қаласы әкімінің, жоғарғы оқу орынның және/немесе Екібастұз қаласы колледжінің басшысының және студенттің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісімшарт.
      Жоғарғы оқу орындарында оқуы кезеңінде сол сияқты тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 ЕАЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсынылады.
      9. Осы шешімінің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

Е. Шаихов
Б. Құспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады