Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 наурыздағы "Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 19/4 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-3-325 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірдегі "Отарқа" N 16 газетінде, 2012 жылғы 19 сәуірдегі "Голос Экибастуза" N 16 газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
үшінші абзацтың 3-тармағындағы "10000" саны "75000" санымен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН)", "СТН," сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |