Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 02 қарашадағы N 1211/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 қарашада N 3263 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі N 898/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 09.09.2013 N 898/9 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" N 306 бұйрығына   сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 153 мекенжайында орналасқан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін ай сайынғы төлемі жалпы көлемнің 1 (бір) шаршы метрі үшін 35,46 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады